Киберполиция мен ҰҚК өкілдері интернет-алаяқтардың бандасын ұстады

Қолға көп түсе бермейтін интернет алаяқтарға тықыр таянды. Құзырлы органдар оларды анықтаудың тың тәсіліне көшті. Кибер-алаяқтардың ауқымды желісі анықталып, көзі жойылды. Өскемен қаласында арнайы операция кезінде үш мекен жайдан 500-ге жуық SIM-карта орнатылған 22 SIM-box құрылғы, 452 USB-интернет модемі, 13 компьютер, төрт роутер және бір ноутбук тәркіленді. Қаланың үш тұрғыны күдікке ілініп отыр. Ал Қарағандыда шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар SIM-box құрылғысы, 2 мыңға жуық SIM-карта, екі Wi-Fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша қамауға алынды. Енді олардың сыбайластары анықталып жатыр.
———————————————