Жоғары шенді полицей қамауға алынды. Жамбыл облысы Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары «ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды» деген күдікке ілінді. Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырған. Қазір сотқа дейінгі жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Прокуратура мәліметінше, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.