«Мағаджан» бөгетіне жауапты серіктестік басшысы 2,5 жылға сотталды. Ол былтыр көктемде артық суды уақытылы асырмай, Ақтөбенің үш ауылын су алып кеткен.
Нақтырақ айтсақ, Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылы мен бірқатар саяжайды топан су басып, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Бұдан 211 миллион теңге шығын келген. Су қоймасы жеке меншікке 2014 жылы балық шаруашылығын жүргізуге берілген. Алайда серіктестік бөгетті күтіп ұстау міндетін орындамаған.
ӨРКЕН ЕСЖАНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 254-бабымен кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға дейін тыйым салу мен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.