Бұл – Алматыдағы Ақсай шатқалында түсірілген кадрлер. Өрт Көклайсай саяжайлары аумағынан шыққан. Құрғақ шөп пен орман алқабы отқа оранған. Мамандардың мәліметінше, бұған аптап ыстық себеп. Қызыл жалын шамамен 5 гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 150-ден астам адам мен тікұшақтар тартылды. Орман алқабындағы қиын рельефтер мен ауа райының қолайсыздығы өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр. Жақын маңдағы саяжай тұрғындары эвакуацияланды. «Бірақ елді мекендерге қауіп жоқ», — дейді мамандар. Жалпы Алматыда өрт қаупі жоғары. Күн ыстық. Сондықтан өңірде өрт қауіпсіздігінің 5 санаты жарияланды. Төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарға табиғат аясына шыққанда аса сақ болуды және құрғақ шөп бар жерлерде от жақпауды ескертеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.