Таразда 16 жасқа толмаған қыз бала босанды. Ол өгей әкесінен жүкті болып қалған. Бұл туралы полицияға дәрігерлер хабарлаған. Ал анасы басында мұны мүлдем мойындамай, жоққа шығарған. 54 жастағы еркек те іске қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Алайда дәйектен қаша алмайсың. Тәуелсіз зертханада жасалған ДНҚ талдауы өгей әкенің кінәсін дәлелдеп отыр. Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында өгей әкенің қыз балаға 13 жастан бастап тиіскені анықталды. Полицейлердің айтуынша, енді ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ӘЛИЯ ШАТАЕВА, №7 ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІ:
— Оқушы 075 формадағы медициналық тексеруден өту үшін біздің емханаға келді. Барлық маманнан денсаулығы жақсы деген анықтама алған. Жүктілік туралы есепке тұрмағандықтан, біз де қазбалап тексермедік. Айы-күні жетіп босанғанда ғана білдік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.