Қытайды су басты: 2 адам қаза тапты, мыңдаған адам көшірілді

Қытайда қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Жуырда бұл елдің солтүстігінде толассыз жаңбырдан су тасқыны жүріп, екі адам опат болды. Тағы екі тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Ел бойынша 17 өзен арнасынан тасыды. Сондықтан 11 провинцияда қолайсыз күн райына байланысты ескерту жарияланды. Әсіресе Миюнь ауданында рекордтық жауын-шашын мөлшері тіркеліп, 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жолдар шайылып, көлік қозғалысы тежелді. Электр сымдары үзілді. Хубэй провинциясында 9 мыңнан ас үйде жарық жоқ. Синоптиктер Қытайдың көптеген өңірінде жаңбыр әлі жалғасатынын ескертеді. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандастарымыз тарапынан көмек туралы өтініш келіп түспегенін хабарлады.
———————————————