Енді тендерге қатысқан жеңімпаз 10 күнде анықталады

Кәсіпкерлерден сүйінші. Елімізде мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқарды. Енді тендерге қатысқан жеңімпаз 10 күн ішінде анықталады. Бұрын бұл процесс 2 айсыз бітпейтін.
Байқау тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша құжаттаманы талқылау 5-тен 2 жұмыс күніне азайды. Ал өтінім қабылдау 15-тен 5 жұмыс күніне кеміді. Өтінімді қарау мен қорытындылау 10 күннен 3 күнге қысқартылды.
«Жалпы тендер жеңімпазын анықтауда жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беріледі», — дейді қаржы министрлігінің өкілдері. Жыл басынан күшіне енген жаңа ереже мемлекеттік сатып алуды оңтайландырып, әкімшілік кедергіні азайтуға бағытталған. Биылғы бір айдың ішінде шамамен 1 млрд теңгенің 300-ге жуық келісімшарты жасалды. Бұл былтырғы жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5 есе көп.
ДӘУРЕН КЕҢБЕЙІЛ, ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Рейтингтік балдық жүйе енгізіліп отыр. Соған сәйкес, мердігер 5 жұмыс күнінде таңдалады. Рейтингтік балдық жүйенің қорытындылары шағымдануға жатпайды. Адами фактор жоқ. Жергілікті компанияларды қолдау балы бір балдан екі балға дейін өсіп отыр.
———————————————