Қазақстанның бітімгерлері БҰҰ-ның миссиясына қатысқаны үшін медальдармен марапатталды

Еңбектері ескерусіз қалмады. Қазақстанның бітімгерлері Біріккен Ұлттар ұйымының миссиясына қатысқаны үшін медальдармен марапатталды.
Олар халықаралық ұйым базаларында қорғанысты күзетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Бақылау бекеттерінде қызмет етіп жатқан жеке құрамды қауіпсіз аумақтарға көшіріп, жарақат алғандарды дәрігерлерге жеткізді. Айта кетейік, Қазақстанның бітімгерлік контингенті бір жылдан бері Сирия Араб Республикасындағы Голан жоталарында миссия орындап жүр. Осы уақыт аралығында бітімгерлер 500-ден аса тапсырманы табысты орындаған.
ЖІГЕР АЙЫПОВ, ҰЛТТЫҚ БІТІМГЕРЛІК КОНТИНГЕНТ КОМАНДИРІ:
— 13 рет жарылғыш заттарды іздеу тапсырмаларын орындап, 190-нан астам жарылғыш заттың көзін жойды. Үш рет БҰҰ тұлғаларын қауіпті жерлерден эвакуация жасады және медициналық эвакуация жасады.
———————————————