Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін, сондай-ақ каникул кезеңдері қашан болатынын жариялады. Оқу жылы 2 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады. Сонымен, бірінші тоқсан 8 аптаға созылады. Күзгі демалыс – 27 қазан мен 2 қараша аралығында 7 күн. Екінші тоқсан да 8 аптаға жалғасады. Қысқы демалыс – 29 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында 10 күн. Бірінші сынып оқушыларына арналған қосымша демалыс 9-15 ақпан аралығында 7 күн. Үшінші тоқсан – ең ұзақ тоқсан, 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі демалыс – 19-29 наурыз аралығында 11 күн. Төртінші және соңғы тоқсан 8 аптаға созылып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.