Қайрат Оңғашев 35 жылын теміржолға арнаған. Теміржол монтері бұл мамандықты қалай таңдады?

Теміржол саласында еңбек еткен адамдардың қажырлы еңбегі қай кезде де бағаланады. Егер мамандығыңды шын сүйіп, оған адал болсаң, жемісін көресің. Бұл – теміржол саласында тынбай қызмет атқарып келе жатқан Қайрат Оңғашевтің өмірлік ұстанымы. Жол монтері шойын жолдың бойында 34 жылдан бері еңбек етіп келеді.
ҚАЙРАТ ОҢҒАШЕВ, ТЕМІРЖОЛ МОНТЕРІ:
— Бұл жұмысқа 19-20 жасымызда келдік, содан осы жерде еңбек етіп келеміз. Теміржолдың жұмысы ең жауапты жұмыс, жауапкершілігі мол. Күндіз-түні теміржолды қадағалайсың, түнде де тыныш болуы керек. Қаншама адамдар, жүк тасымалы бар. Бұл жұмыста қатаң тәртіп, пойыздың уақытылы қозғалысын сақтау маңызды.
НҰРСҰЛТАН ДҮЙСЕБАЕВ, БАС ИНЖЕНЕР:
— Жұмысында ешқандай кем-кетік жоқ, қазіргі күні бұл кісі – өте білікті мамандардың бірі. Жаңадан кіріп жатқан жас мамандарға жұмысты көрсетеді, үйретеді.
ҚАЙРАТ ОҢҒАШЕВ, ТЕМІРЖОЛ МОНТЕРІ:
— Жұмысымыз жақсы. Бұл жерде 34 жыл бойы еңбек еттік, үйреніп қалдық, қимаймыз.
———————————————