Қазақстандықтар биыл демалатын ел ретінде Вьетнамды көп таңдаған. Үздік бестікте сондай-ақ, Мысыр, Түркия, БАӘ және Тайланд бар. «Туристік қамқор» мекемесінің мәліметі бойынша, жарты жыл ішінде 130 мың отандасымыз демалысын Вьетнамда өткізген. Мысырдағы турды 109 мың жерлесіміз таңдаса, 104 мың қазақ азаматы Түркияда демалған. Біріккен Араб Әмірліктері жағажайларында 102 мың жерлесіміз тынықса, Тайланда демалғандар саны – 65 мың адам. Жалпы, биылғы 6 айдың ішінде 600 мыңға жуық адам туркод алып, шетелде демалған. Бұл былтырмен салыстырғанда 28 пайызға көп.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.