Конго Деморатиялық Республикасында болған оқиға күллі әлем жұртының жағасын ұстатты. Онда 4 мыңнан астам жазасын өтеуші 165 әйелді аяусыз зорлаған. Артынан оларды түгел өртеп жіберген. Бұл оқиға республика армиясы мен М23 көтерілісшілер альянсы билікке таласып жатқан кезде болған. Гома қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқандар осы қарбалас шақты пайдаланып, түрмеден қашқан. Жолай мекеменің әйелдер жатқан бөлігіне басып кірген. Олар қойған қасақана өрттен 13 әйел ғана аман қалыпты. Аса жабайы әрекетті ел билігі растады, ал БҰҰ оқиғаға алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені өткен жұма күні Конго әскерлерінің де осындай әрекеті әшкереленген. Елдің Оңтүстік Киву провинциясында солдаттар 52 әйелді топтасып зорлады деген ақпарат тексеріліп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.