Біз бұған дейінгі жаңалықтарымызда Қазақстаннан тасымалданған тауық етінен адам өміріне қауіпті бактерия табылғанын айтқан едік. Ресейлік сайттарда осындай ақпарат тарап, көп ұзамай бұл мәлімдеме өшірілген болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері күдік ұялатқан «Макин» құс фабрикасына арнайы барып, өнімнен сынама алған. Зерттеу қорытындысын Ауыл шаруашылығы министрі Үкіметте өткен брифингте жариялады. Оның айтуынша, қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылған жоқ. Яғни, таза.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
– Біз қосымша сараптама жүргіздік, оның нәтижесі кеше шықты. Тауық етінен ешқандай бактерия табылмады. Сондықтан бұл өнімді экспорттауға еш кедергі жоқ. Әрине, Ресей тарапынан құс фабрикасының өнімдеріне қатысты бақылау күшейетіні анық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.