ШҚО-да 4 адам жол апатынан қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында да екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Оқиға Күршім-Қалжыр» тас жолында болған. Аман қалған тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Жалпы жол-көлік оқиғаларының дені жылдамдықты асырғандықтан немесе ережені бұзғандықтан болатыны белгілі.
———————————————