Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға шектеу жоқ

Көлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу ережесі әлі де өзектілігін жоғалтпады. Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, жалпы еліміздің солтүстік өңірлерінде көлікті жылытуға бес минут уақыт аздық етеді. Ал көлікті қыздырмай жүргізгендердің темір тұлпары сынып артық шығынға батуы мүмкін. Бұл ретте Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха көлікті 5 минуттан артық қыздыруға шектеу жоқ екенін атап өтті.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ІІМ ОРЫНБАСАРЫ:
– Көлікті 5 минуттан арттық қыздырмау керек деген сөз жоқ. Бес минут туралы сөз тоқтау немесе автотұрақ туралы айтылды. Тоқтау дегеніміз не, автотұрақ дегеніміз не? Автотұрақ – бұл авто көлікті 5 минуттан артық тоқтату. Бес минут қыздырмау деген сөз айтылмаған .
———————————————