Түркістан облысында 44 бапкер жалған дипломмен ұсталды

Бапкер емес, өтірік маман. Түркістан облысында 44 бапкер жалған дипломмен ұсталды. Олар осылайша бірнеше жыл бойы сабақ беріп, айлық алып келген. Жалпы ел ішінде осындай қолдан жасалған дипломы бар 278 адам анықталды. Олар да әр аймақта бала жаттықтырып, бапкер деген атаққа кір келтіріп келген. Оның тоғызы – басшы, 248-і жаттықтырушы және 21-і басқа да қызметпен айналысқан. Дегенмен ел бойынша жалған диплом жасау жағынан Түркістан облысы алдына жан салмай тұр. Енді өтірікшілердің барлығы жұмысынан қуылды.

ДАНИЯР БИГАЙДАРОВ, АГЕНТТІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
– Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан (44), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында анықталды. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі.
———————————————