Тасжүрек ана, тастанды бала. Алматыда жаңа туған сәбиін қақаған аязда кіреберіске қалдырып кеткен әйел ұсталды. Ол ауруханаға шұғыл жеткізілді. Босанған жас келіншек бұған дейін медициналық көмекке жүгінбеген. «Қазір баланың жағдайы ауыр», — дейді дәрігерлер.
ТОҚТАР ҚҰРМЕТБЕК, БАЛАЛАРҒА ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Нәрестенің жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.