Тасымалдаушылар тынықпайды, ауқаттанбайды. Тіпті көлік жүргізушінің дені 15-18 сағат тапжылмай рөлде отырады. Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы
қалааралық тасымалдаушының 99% жұмыс режимін сақтамайды деп қынжылды. Бұл әрекетімен жүргізуші өзінің де, жолаушының да өмірін қатерге тігетінін түсінбейді. Депутат жүргізушілердің жұмыс уақытын қатаң бақылауды ұсынды.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, жергілікті бақылау инспекцияларында әр көлікті тексеруге уақыт пен ресурс жеткіліксіз. Сол себепті министр жүргізушілерге арналған өзін-өзі бақылайтын ұйым құруды ұсынып отыр. Ішкі істер министрлігі өкілдері өткен жылы 360 000 жол жүру ережесі бұзылғанын тілге тиек етті. Оның 3200-і заңсыз жолаушы тасыған. Ал 835 жүргізуші еңбек және демалыс режимін сақтамаған. Олар жауапқа тартылды. Жалпы жүргізушіге бақылауды күшейту керек пе? Халық пікіріне құлақ түрейік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.