Яндекс сервисі ақылды камераны іске қосады

Тасымал ісінде сәтті жұмыс істеп тұрған қосымшалар бар. Мәселен, Yandex Qazaqstan компаниясының сервисі қолданушы арасында тиімділігін көрсетті. Күніне 8 миллион адам осы Яндекс нейрожүйесін қолданады. Сервис қажет ақпаратты тауып қана қоймай, интернеттегі барлық дерек негізінде қысқа жауап дайындайды. Бұл жүйенің елімізде іске қосылғанына жарты жыл ғана болса да, қолданушы саны күрт көбейіп отыр. Сервистің басқа да қосымшалары халық арасында кең тараған. Түрлі платформалар, карта, стартаптар және Алиса дыбыстық көмекшісі қазақ тілінде жиі қолданылып жүр. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл сервисті көбіне оқушылар мен студенттер қолданады.

ҰЛАН ҚАЙЫРБЕКОВ, YANDEX QAZAQSTAN ДАМЫТУ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:
– Біз ақылды камераны іске қосамыз. Сурет жіберсеңіз болды, бағдарлама онда не жазылғанын анықтап береді. Теңдеуді шешеміз, мәтінді де аударамыз. Қазақша жылдам жауап береміз. Қолданушыға көп сұрақ қоюдың қажеті жоқ. Жауап іздеу тармағының астында автоматты түрде шығады. Сұрағыңызды қойсаңыз жетіп жатыр. Нейрожүйе сізді бірден түсініп, бірнеше деректерді алып, қажет ақпараттарды жинап, дайын жауапты көрсетеді.
———————————————