Ел шығысында күн күрт жылынды. Есесіне, құтқарушылардың ұйқысы қашты. Өңірдің төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өйткені су тасқыны болуы мүмкін. Тасқынның алдын алу үшін мамандар су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып жатыр. Өңірдегі екі қала мен 11 ауданға тасқын қаупі төніп тұр. Қалың қар мен күннің күрт жылынуы жағдайды қиындатуы мүмкін. Сондықтан екі жарым мың құтқарушыдан тұратын жұмыс тобы құрылды. Қазір 242 мотопомпа, 60 мыңнан астам қапшық дайындалды. Аудандарда 64 шақырым бөгет салынып, 19 шақырым өзен арнасы мен 300 шақырымға жуық арық аршылды. Ал таулы аймақтардағы жағдай әуеден бақылануда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.