Бір жылда 140 мың қазақстандық шетелге жұмысқа кеткен

Былтыр 140 мың қазақстандық жұмыс іздеп, шетел асып кеткен. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 50 мың адамға аз. Яғни былтыр нәпақасын сырттан іздейтіндер азайған. Негізі жұмыс іздейтіндердің көбі Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания және БАӘ-ге барады.

Айталық, өткен жылы Ұлыбританияға – 4 446, БАӘ-ге – 3 мың, Түркияға – 6 595, Ресейге 101 622 қазақстандық кеткен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстаннан кеткен еңбек мигранттарының көбі – технология, экономика және білім саласының мамандары.
———————————————