Жүк көлігінен түсіп қалған түйенің иесіне айыппұл салынды

Жаңаөзенде жүк көлігінен түсіп қалған түйе үшін 20 мың теңге айыппұл салынды. Көлік айып тұрағына қойылды. Неге дейсіз ғой?!

Жүргізуші жүк тасымалдау ережесін өрескел бұзған. Тіпті түйенің көліктен секіріп кеткенін де аңғармаған. Бұл әрекетті куәгерлер бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Осыдан кейін көшенің қақ ортасына тап болған атан түйе ісіне полиция араласты.
———————————————