Тазы мен төбетті төбемізге көтерер күн жақын. Экология министрлігі қарғы баулының қадірін арттыруды көздейді. Ол үшін қыркүйектің үші – тазы мен төбет күні болсын дейді. Осылайша, жеті қазынаның бірі, асыл тұқымды итті көбейтіп, ит өсірушілерге, кинологиялық ұйымдарға және қазақы ит тұқымдарын сүйетіндерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Тазы аңшылықта таптырмас көмекші болса, төбет – ата-бабамыздың мал-мүлкін сенімді қорғаушы.
Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас комитеті былтыр күзде қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп танып, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе бергенін еске салайын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.