ШҚО-да 4 адам жол апатынан қаза тапты | 03.02.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

АЛАЯҚ КЕЛЕ ЖАТЫР
15 млрд теңге. Бес мыңға жуық салымшыны сан соқтырып, шетел асып кеткен алаяқ ұсталды. Бас прокуратура қаржы пирамидасының жетекшісін Қырғызстаннан тапты. Ол қашып жүргенімен қоймай, көрші елде кісі өлтірген.

ТАҒДЫРЫ ҚЫЛ ҮСТІНДЕ

Елдегі тасымалдаушылардың 99% жолаушының басын бәйгеге тігеді. Ақшаға құныққандары жүргізушіні тәулігіне 18 сағат рульге отырғызады. Ал жол апаты болса «қалғып кетті» деп жүргізушіні кінәлай салады. Тасымалдаушы қашанғы жазадан құтыла бермек?

ҚҰТҚАРУШЫДАН ҰЙҚЫ ҚАШТЫ
Ел шығысында күн күрт жылынды. Есесіне, құтқарушылардың ұйқысы қашты. Өңірдің төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өйткені су тасқыны болуы мүмкін.

ЖАЛҒАН БАПКЕР
Бапкер емес, өтірік маман. Түркістан облысында 44 бапкер жалған дипломмен ұсталды. Жалпы ел ішінде осындай қолдан жасалған дипломы бар 278 адам анықталды.

ИТКЕ ДЕ БІР КҮН
Тазы мен төбетті төбемізге көтерер күн жақын. Экология министрлігі қарғы баулының қадірін арттыруды көздейді. Ол үшін қыркүйектің үші тазы мен төбет күні болсын дейді.
———————————————