Жақын күндері «Қара жәшіктен» хабар болады. Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағына қатысты соңғы мәліметтің неге созылып кеткенін көлік министрі түсіндірді. Марат Қарабаевтың айтуынша, «қара жәшіктегі» жазба көп ұзамай көпшілікке жария етіледі. Әуе апатының нақты себебі сол кезде белгілі болмақ.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ, КӨЛІК МИНИСТРІ:
— Мамандар мұқият зерделеп жатыр. Бұл іске Әзербайжан, Ресей, Бразилия және ИКАО мамандары тартылғанын айтқан едік. Жақын күндері алдын ала есеп біздің сайтымызда ресми түрде жарияланады. Мамандарға істі аяқтауға уақыт қажет. Бұл – өте ұқыптылықты қажет ететін шетін мәселе.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.