Астана – Щучинск тасжолында болған жол апатына қатысты алты қылмыстық және 37 әкімшілік іс қозғалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр. Алайда ережені бұзған жүргізушілердің ұсталған-ұсталмағаны туралы түсініктеме берілмей отыр. Еске салайық, 3 қаңтар күні Астана – Щучинск жолында 95 көлік соқтығысып, 20 адам зардап шеккен еді. Олар ауруханаға жеткізілген. Әлеуметтік желідегі бейнеде алдымен екі көлік соқтығысып, соңынан басқалары келіп соғылғаны көрсетілген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.