Қарағанды облысы қарызға белшеден батып отыр

Қарағанды облысы қарызға белшеден батып отыр. Бұған Жоғары аудиторлық палата өкілдері алаңдаушылық білдірді. Жалпы қарыз көлемі 5,3 млрд теңгеге жеткен. Бұған тиісті заң нормаларын сақтамаған коммуналдық мекемелердің сылбырлығы себеп. Ревизиялық комиссия олқылықтардың орнын толтыру туралы ұсыным-хат жөнелткен. Жергілікті атқарушы органдардың берешегі әсіресе пандемия кезінде, яғни 2020 жылы көбейіпті. Ол уақытта әкімдіктердің қарызы тиісті межеден 3,8 млрд теңгеге артып кеткен. Мемлекеттік құнды қағаз шамадан тыс шығарылған. «Былай жалғаса берсе, 2031 жылы өңірдің несиесі 21,7 млрд теңгеге жетеді», — дейді мамандар.
———————————————