Ал Қостанай облысында мәслихат төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген еді. Ол онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталып жатыр. Мәслихаттың ресми сайтында мәслихат төрағасы 39 жастағы Денис Мартин деп көрсетілген. Ол 2023 жылдың наурызынан бастап осы қызметте болған екен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.