Қызылсайдағы мемлекеттік балабақша уақытша жабылды

Қызылсайдағы мемлекеттік балабақша уақытша жабылды. Маңғыстау облысына қарасты ауылда балалар жаппай астан ұшынып, ауруханаға түскен. Олардың арасында тәрбиешілер де бар. Барлығы 37 адам дәрігер көмегіне жүгінген. 23 адам бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қалғандары тиісті ем-дом алып үйлеріне кеткен. Осы жағдайдан соң қылмыстық іс қозғалып, қатаң тексеріс жүріп жатыр. Бөбекжай асханасының қызметкерлері мен тамақтан сынама алынды. Балалардың нақты неден уланғаны жақын күндері белгілі болады.
БЕРДІБЕК САРАЛТАЕВ, СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Балабақшада берілген тамақтардан және ауруханаға түскен науқастардан анализдер алынады. Іш өту, құсу – тағамнан уланудың клиникалық белгілері. Қорытындысы шыққаннан кейін анықтамасы өзгеруі мүмкін.
———————————————