Қызылордалық әйелдің ВИЧ инфекциясын қайдан жұқтырғаны жұмбақ

Қызылордалық әйелдің ВИЧ инфекциясын қайдан жұқтырғаны жұмбақ болып отыр. Әуелі бұл ауру жүкті кезінде қан құйғанда жабысқан деп еді. Алайда келіншектің дүниеге келген баласы мен қан берген донор сау болып шықты. Сонда аурудың ошағы қайда? Бұл сұраққа бірер күнде облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жауап береді. Оқиға жайлы арнайы брифинг өткізілмек.
———————————————