Онкологиялық науқасқа көмектесудің жаңа түрі пайда болады

Елімізде онкологиялық науқасқа көмек көрсетудің жаңа түрі пайда болады. Қатерлі ісік ауруын жеңіп шыққан адам науқастың сұрағына жауап беріп, жөн сілтейді. «Кеңес беру» жобасы өткен жылы қыркүйекте басталған. Онкоорталықтың бұрынғы пациенттері арнайы курстан өтіп, сертификат алған. Айта кетейік, 4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні. Қазақстандықтар үшін онкологиялық скринингтің үш түрі: жатыр мойны, сүт безі және колоректальды обырын анықтау тегін жүргізіледі.
———————————————