«Автолюкс» қаржы пирамидасына 100 млн қаражат салған 150-ден астам адам шығынға батты. Заңсыз ұйым құрған Павлодар тұрғыны интернет-дүкенге жоқ тауарды қойып, әр 10 күн сайын 5%-тен 15%-ке дейін сыйақымен бөліп төлеуді ұсынған. Салымшылар нақты сатып алынбаған тауар үшін несие төлеуді жалғастыра берген, жалғастыра берген. Алаяқ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, шетел аралаған, қос-қостан су жаңа көлігін сатып алып, алаңсыз өмірін сүрген. Қазір күдіктінің 2 көлігі тәркіленіп, қамауға алынды.
Қаржы Мониторинг агенттігі былтыр 42 қаржы пирамидасының жұмысын тоқтатты. 78 адам сотталып, жәбірленушілердің 13 млрд теңге шығыны өтелді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.