СҚО-ға үш мыңға жуық өңірлік квота бөлінді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына үш мыңға жуық өңірлік квота бөлінді. Оның 175-і шетелден келетін қандастарға, ал қалғаны Қазақстан азаматтарына берілмек. Ол үшін республикалық бюджеттен 3,6 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды. 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Аймақта демографияны жақсарту көзделіп отыр. Оның үстіне аграрлық аймаққа механизатор, дәрігер, қаржыгер, аспаз, инженер секілді 1350-ден астам маман қажет. Сондай-ақ 45 елді мекеннің он-оннан ғана тұрғыны қалған. Ал жетеуі қаңырап бос тұр. Сондықтан ендігі бар үміт оңтүстіктен келетін келелі көште. Қоныс аударушыларды 206 ауыл қабылдайды. Биылғы ерекшелік азаматтардан өтініш қабылдау арнайы платформада жүзеге асады.
ГҮЛҒАЙША ІЛИЯСОВА, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Арнайы платформа наурыз айынан бастап іске қосылады. Онлайн форматқа көшеміз. Яғни бізге квотаға ену үшін бұрын оңтүстік өңірлердегі адамдардың өздері келіп өтініш беретін болса, биылдан бастап олар онлайн форматта үйлерінде отырып, тапсырыс бере алады.
———————————————