Ақтау маңында құлаған ұшақ апаты: қара жәшік «не дейді?» | 04.02.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

«ҚАРА ЖӘШІКТЕН» ХАБАР ЖОҚ
«Қара жәшіктен» хабар болмай тұр. Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағына қатысты соңғы мәлімет неге созылып кетті? Үкімет мүшелері нақты күнін белгіледі.

АВТОБАНДА АСЫҒУҒА БОЛМАЙДЫ
Қыста және ауа райы нашар кезде жүргізушілер жүйткіп жүрмесін! Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Енді автобанда асығып жүретіндер жазаға тартылады.

АЛАЯҚҚА ТҰСАУ САЛАМЫЗ
«Антифрод» алаяққа тұсау бола ала ма? Ұлттық банк әзірлеген тұғырнама іске қосылғалы 19 мың әрекет әшкере болды. Алаяққа аударылғалы тұрған 1,5 млрд теңге дер кезінде тоқтатылды.

АУРУ ОШАҒЫ БЕЛГІСІЗ
Қызылордалық әйелдің ВИЧ инфекциясын қайдан жұқтырғаны жұмбақ болып отыр. Әуелі бұл ауру жүкті кезінде қан құйғанда жабысқан деп еді. Алайда келіншектің дүниеге келген баласы мен қан берген донор сау болып шықты.

МЕХАНИК ӘЙЕЛ
Басқа салса – баспақшыл. Тағдырдың тілеуімен дөңгелек жөндеуді үйренген ана. Қазір Шиеліде тұратын шеберге сұраныс жоғары.
———————————————