Қосшылықтарды тақырға отырғызып кеткен келіншекке үкім кесілді. Елдің 67 млн теңгесін меншіктеп алған алаяқ алты жыл арқалады. Ол Қытайдан арзан тауар алдырып беремін деп жар салған. WhatsApp-та топ құрып, жоқ тауарды жарнамалаған. Сенімге кіру үшін тіпті өз қызметі туралы жағымды пікір жазып отырған. Оған Астана және Қосшы қалаларының 33 тұрғыны алданып қалған. Тауарға ақшаны алдын ала алған алаяқ қаражатты өз қажетіне жұмсап үлгерген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.