Былтыр елімізде қылмыс саны 12,7 мыңға азайған. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осылай деді. Президентке елдегі криминогендік жағдай және Ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берілді. Айталық, 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған. Ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы да таныстырылды.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
— Президентке жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, көші-қонның бақылауын күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жақсарту бағыттары бойынша шаралар туралы баяндадым.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.