Оралда миллиардқа салынған мектептің кірпіші құлап жатыр. Білім ордасындағы олқылықты әлеуметтік желіден көрген ата-аналар алаңдап отыр.
Өйткені ғимаратта оқу уақытша тоқтатылған жоқ. Қаладағы №4 мектеп 2017 жылы салынған. Оқу орнының басшылығы сметалық құжаттар реттелген соң, ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіледі деп отыр. Мердігер компания жұмысты келесі аптада аяқтайды деп күтілуде. Еске салайық, осыдан бір апта бұрын салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінен кірпіш құлап, ер кісі сол жерде тіл тартпай кеткен еді.
ЖАНАРГҮЛ АЙМҰРЗИНА, №4 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
— Бала қауіпсіздігін қорғау бағытында ленталармен қоршалып, әртүрлі белгі қойылды. Алдағы уақытта осы смета әзір болғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргіземіз
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.