Елімізде жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ережесі әзірленбек. Мәжіліс депутаттары «Жасанды интеллект» туралы заң жобасын жұмысқа алды. Яғни, зияткерлік зерденің жетістігін заңмен бекітіп, оны теріс мақсатта пайдалануға жол бермеуді көздейді.
Иә, эфирде мәтінді оқып тұрған менің өзім. Бірақ бет-әлпетім жасанды интеллектің көмегімен өзгертілді. Бүгінгі таңда жасанды интеллектің игілігін осылай теріс пиғылға пайдалану оқиғалары жиілеп кетті. «Жаңа заң жобасы алаяқтық әрекеттердің алдын алуға септігін тигізеді», — дейді депутаттар. Яғни, мәжілісмендер бастамашы болып отырған бұл жоба, зияткерлік зерденің көмегімен әзірленген азық-түлікті, дербес деректерді және масс-медиа өнімдерін қорғау үшін қажет.
НҰРТАЙ СӘБИЛЬЯНОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Ілеспе заң жобалары жасанды интеллекті пайдалана отырып жасалған. Өнімдерге қатысты тұтынушылардың құқықтарын, жеке деректерін қорғауға, БАҚ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жасанды интеллект иегерлері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған орай заң жобаларын жұмысқа алуға және қорытынды әзірлеуге дайын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.