Шымкенттік оқушылар құлағы естімейтін адамдар үшін арнайы көзілдірік құрастырып шықты. Бұл құрал сөздерді экранға шығарады.
Сол арқылы көзілдірікті таққан жан екінші адамның айтып отырған әңгімесін оқи алады. Оқушылардың сөзінше, құрылғы жарымжан жандардың қоғамға бейімделіп, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді. Балалар көзілдірікті 1 аптада жасап шығыпты. Құрал қазақ-орыс тілдеріндегі сөздерді оқиды. Енді олар бұдан бөлек, шет тілдердін енгізбекші. АҚШ-та аналогы бар бұл көзілдірікті жасап шығарудың ең басты себебі – қолжетімді болуы. Өйткені америкалық өнім жеткізу құнымен бірге шамамен 1 млн теңге тұрады.
НҰРБЕК ТАЙЖАНОВ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
— Мен 2 жыл бұрын бұл мәселені зерттегенмін. Бағасы – 1400 доллар, бұл көп адамға қолжетімді емес және Қазақстанда бұл көзілдірікті сатып алуға мүмкіндік жоқ. АҚШ-тан жеткізу өте қымбатқа түседі. Солай өзіміздің өнімді жасап шығардық. Мұның бағасы 200 долларға жетпейді және қазақша тіл бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.