Хоккейден әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қысқы Азиада ойындары ресми түрде 7 ақпанда ашылады. Соған қарамастан Қытайдың Харбин қаласында кейбір спорт түрлерінен жарыс басталып кетті. Хоккейден әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Таиланд командасын 9:0 есебімен талқандады. Хоккейші қыздарымыз 6 ұпай өз тобында көш бастап тұр. Келесі ойынды қытайлық Тайпейге қарсы өткізеді. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын 138 спортшы қорғайды. Олар алты спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетеді. Сары құрлық бәсекесі 14 ақпанға дейін созылады.

МЕЙРАМҒАЗЫ САПАРҒАЛИЕВ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Командалық топқа келсек, қазір бір-бірін аса жауапкершілікпен қолдап, жақсы демеу көрсетуде. Жаттықтырушылар штабы және осы штабқа кіретін өзге де мамандар барша спортшыға тиісті деңгейде өз көмегін көрсетуде».
———————————————