Атырау облысында Сармат дәуіріне тиесілі тарихи жәдігерлер табылды

Атырау облысында бұрын-соңды кездеспеген тарихи жәдігерлер табылды. Қызылқоға ауданының Қарабау ауылы маңындағы обалардан аршылған асыл тастан жасалған әшекейлер Сармат дәуіріне тиесілі екен. Қазба жұмыстары кезінде табылған ең құнды жәдігер – алтын білезік. Салмағы – 370 грамм. Қалыңдығы жарты сантиметрге жуық. Бұл алтын бұйым «Қарабау-2» қорғынынан табылған. IV-V ғасырға тиесілі. Толық құймалы алтыннан жасалған. Табылған жәдігерлер облыс орталығында өткен «Сармат алтындары» атты біркүндік көрмеге қойылды.
Марат Қасенов, археолог:
— Археологиялық жұмыстар жалғаса береді. Кең көлемде жұмыс жүргізе береміз. Тек археологтар емес, антропологтар, геологтар, суретшілер мен тарихышылар және өзге мамандарды жобаға жұмылдырамыз.
———————————————