«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жолға шығу қауіпті екенін ескертеді

Еліміздің алты өңірінде ауа райы бұзылады. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында қар жауады. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне жолға шығу қауіпті екенін ескертеді. Әзірге барлық бағыттағы жолдар ашық. Дегенмен «112» құтқару қызметінен хабарлама алған кезде оған құлақ асу қажет. Бұған дейін Алматыда қалың қардың түсуіне байланысты Алматы– Өскемен тасжолы мен Жетісу облысында жолдың екі учаскесі жабылды.
———————————————