Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды

Атырау мұнай өңдеу зауыты күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпорын өкілдері өкілеттігін асыра пайдаланды деп күмәнданады. Яғни мұнай өңдеу саласында тауар бағасын негізсіз арттырған болуы мүмкін. Талдау барысында 2021-2023 жылдары орташа баға 31% қымбаттатылғаны белгілі болған. Қазір кәсіпорынға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ертеректе зауыттың бұрынғы басшысына өз міндетін дұрыс атқармады деген айып тағылып, сот одан 2 млрд теңге өндіріп алған еді.
Әсел Әдиева — АОБ департаменті басшысының орынбасары:
— Тергеу осы жылдың 6 қаңтарында басталды. Үш ай мерзімге созылады. Тергеудің қорытындысы бойынша заңбұзушылықтың бар-жоғы анықталады.
———————————————