Елден бензин және дизель отынын шығаруға тыйым салынды

Бүгіннен бастап елімізден бензин және дизель отынын шығаруға тыйым салынды. Жаңа өзгеріске сай, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды. Бұл ішкі нарықты тұрақтандыруға және елдегі жанармай тапшылығының алдын алу мақсатында қолға алынды. Бұл шектеудің өндіруші көрсеткен көліктердің газ цистерналарында тасымалданатын майлау майлары мен жанармайға қатысы жоқ. Ал ғылыми зерттеулер, біліктілік және зертханалық сынақтар мақсатында авиациялық жанармайды әкету үшін арнайы органның рұқсат қағазы қажет.
———————————————