Үкіметтің жалпы отырысында Президент экономиканы әртараптандыру жайлы сөз қозғап, бірқатар сандарды мысалға келтірді. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге. Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6% жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мемлекет басшысы осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек деп Үкімет мүшелеріне тапсырма берді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.