Үй мен автокөлікті несиеге емес, лизингке рәсімдеу. Мәжіліс депутаттарының қарауына осындай жаңа заң жобасы ұсынылды. Жобаны таныстырған депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, мұндай лизингті жеке кәсіпкер ретінде саналмайтын азаматтарға ғана беру көзделіп отыр. Пәтер, үй немесе көлікті олар кейін сатып алу құқымен жалға ала алады. Мәжілісмен лизинг механизмінің әлі де талқыланатынын, ислам қаржыландыру жүйесіне ұқсас болатынын айтты. Заң жобасына қатысты Үкімет мүшелері мен депутаттар өз ұсынысын әлдеқашан айтқан.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
— Өте дұрыс деп есептеймін. Себебі лизинг несиеге қарағанда жеңілдеу. Сіз мүлікті алып, қаржысын бөліп-бөліп төлеп отырасыз. Лизинг заңды тұлғаларға бар. Енді жеке тұлғалар көлік, үй, жылжымайтын мүлік алатын болса, лизингке берілуі мүмкін. Өз басым жақсы заң деп есептеймін, қолдаймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.