Сыр өңіріне қарғын судан қауіп бар. Төтенше жағдай министрлігі қызметкерлерін 28 аумақ алаңдатып отыр. Дарияны жағалай 70 мың адам тұрады. Қазір өзен арнасымен секундына 645 текше метр су өтіп жатыр. Мамандар алдағы уақытта бұл көлем көбейеді деп болжайды. Сондықтан құтқарушылар инертті материал мен техниканы сайлап, эвакуациялық бекеттерді дайындауға кірісті. Бөгетті де бекітіп жатыр. Облыс орталығы мен Жаңақорған, Шиелі ауданының тұсындағы мұз- өте жұқа. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға мұз үстімен жүру қауіпті екенін ескертеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.