Қостанай облысында қараусыз малға арналған айып тұрақтары ашылды

Қостанай облысындағы мал иелеріне ескерту. Аймақта жүгенсіз жүрген төрт-түлікке арналған алғашқы айып тұрақтары ашылды. Өйткені табыннан адасқан немесе жоғалған мал көбіне көлік жолдарына шығып кетеді. Салдарынан апат жиілеген. Былтырдың өзінде аймақта қараусыз қалған үй жануарларының кесірінен 14 жол апаты болып, 22 адам зардап шекті. Мал жаю ережелерін бұзған 3 мың адамға 22 млн теңге айыппұл салынды. Өңірде осындай жол апатының алдын алу үшін бес айып тұрағы іске қосылды. Олар жергілікті фермерлердің шаруашылық аумағында орналасқан.
Нұрлан Кузайбин, Заречный ауылдық округінің әкімі:
— Бұл қоралардың иелері бізге малды уақытша ұстай тұруға мүмкіндік береді. Оларға күнделікті жем-суын беретін адам бар. Тиісінше, мәслихат депутаттары әзірлеген норма бойынша қамалған жануардың әр күніне төлемі белгіленген.
———————————————