Соңғы кездері жол-көлік оқиғаларының жаппай орын алуына байланысты Ішкі істер министрлігі Астана – Щучинск тасжолында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеді. Дегенмен бұл – уақытша шара. Ведомство бұл шешімді ауа райының тым құбылмалы болуымен байланыстырады.
Ақтоты Боранова, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
— Атап айтқанда, Астана – Щучинск және Астана – Қарағанды бағыттары бойынша «Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу» жол белгілері қойылды. Олар нашар көріну, көктайғақ немесе басқа да ауа райы факторлары жағдайында ғана қосылады. Көктайғақ, боран, тұман немесе жалпы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы хабарламадан кейін бұзушылықтарды тіркеу камераларының параметрлері көрсетілген жылдамдыққа өзгертіледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.