Отандық туризмге халықтың көңілі тола ма?

Президент ішкі және сыртқы туризмді дамытудың тың тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Ол үшін тіпті әуе хабын құру керек екенін де айтты. Ел ішіндегі кішігірім әуежайларды жаңғыртып, жаңасын салу ісі де қолға алынып жатыр. Яғни әуелі инфрақұрылымды жақсартуға мән берілуде. Дегенмен қарқын әлі де бәсең.
Бұл саланы өркендетудің тағы қандай тетігі бар? Жалпы Қазақстандағы туризмге тұрғындардың көңілі тола ма? Аймақтағы тілшілер еліміздің әр түкпіріндегі тұрғындар арасында сауалнама жүргізді.
———————————————